Жаңалықтар

Ауа райына байланысты таңға дейін бірнеше жол жабылды

10 қазанға арналған ауа райы болжамы / Фото: shutterstock
Ауа райына байланысты таңға дейін бірнеше жол жабылды / Фото: shutterstock

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше трассада қозғалыс шектелді, деп хабарлайды «Қазавтожол«.

Жолда жүруге рұқсат жүру 10 ақпан күні таңертең беріледі деп жоспарлануда. Шектеулер көліктің барлық түріне қолданылады. Төмендегі жол учаскелері жабық:

  • ҚХР шекарасы Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы, Көкпекті ауылынан ШҚО шекарасына дейін және Абай облысының шекарасынан Зайсанға дейін;
  • Астана-Қарағанды (айналма жолмен) – Атамекен кентінен Балқашқа дейін (шамамен ашылу уақыты – 8.00);
  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін (шамамен ашулы уақыты – 9.00);
  • Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас, Ботақара және Қарқаралы кенттері арасында (шамамен ашулы уақыты – 9.00);
  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, Жаңаарқа кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін (шамамен ашулы уақыты – 9.00);
  • Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы, Арал қаласынан Қызылордаға дейін (шамамен ашулы уақыты – 2.00);
  • Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы, Таскескен ауылына бұрылыстан Аягөзге дейін (шамамен ашулы уақыты – 9.00);
  • Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы, Таскескен ауылына бұрылыстан Үржар ауылына дейін (шамамен ашулы уақыты – 9.00).

Синоптиктер 10 және 11 Ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта жауын-шашын көп болады деп ескертеді.