Жаңалықтар

Прокуратура ғимаратында ішімдік сақтағандар тексеріліп жатыр – видео

Видео әлеуметтік желіде тарады/фото: shutterstock

Әлеуметтік желіде Абай облысы прокуратурасы ғимараты терезесінің алдында алкоголь бөтелкесі тұрғаны түсірілген видео тарады. Ол жерде бәзбіреулер екі бөтелке ішімдікті терезеден шығарып қойған.

Прокуратураның хабарлауынша, осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Желіде тараған ақпаратқа сәйкес Абай облысы прокуратурасында қызметтік тексеріс басталды. Нәтижесінде кінәлі адамды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі», – деп хабарлады облыс прокуратурасы.

@shyraq_news Желіде Абай облысы прокуратурасында түсірілген видео тарады. Ол жерде терезе алдында алкоголь бөтелкелері тұр. Прокуратура мұны қалай түсіндіреді екен? #абайоблысы#прокуратура ♬ оригинальный звук – shukir_news

Бұған дейін Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін Шымкент қаласы полиция қызметкерлеріне қатысты тексеріс басталды.