
Астанаға жаңа прокурор тағайындалды. Бұл қызметті енді Ғабит Мұқанов атқарады. Ол 2021 жылдан бері Шымкент прокуроры болған.
Ғабит Мұқанов әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы-басқарма бастығы болған. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Ал Шымкент прокуроры болып Елдос Сағиев тағайындалды.