Жаңалықтар

Шымкентте «жоқ» пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды

Шымкентте «жоқ» пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды / Фото: Shutterstock

Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға берді деген күдікті әйел ұсталды. Ол пәтерлерді брондау үшін алдын-ала ақы алып, ақшаны алғасын жоғалып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол әлеуметтік желілерде жалға берілетін тұрғын үй туралы хабарландырулар жариялап, алдын-ала ақы алған.

«Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шығуды тоқтатты және бұл пәтер мүлдем тіркеуде болмаған. Алаяқтықтың кем дегенде төрт эпизоды анықталды. Қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция бейтаныс адамға пәтер мен құжаттарды тексермей алдын-ала төлем жасамауды, сондай-ақ тексерілген қызметтерді пайдалануды және келісімшарттар жасасуды ескертті.

Бұған дейін PIN-UP және PINCO онлайн-казиносын ұйымдастырушыларға халықаралық іздеу жарияланған.