
Ауруханада бір жылға жуық жатқан Сара Назарбаева неден сырқаттанғаны белгілі болды. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі Айдос Үкібай ресми сайтта жазды.
Оның сөзінше, былтыр сәуірде Қазақстанның тұңғыш ханымы инфаркт алған. Одан бөлек ауыр қант диабеті мен бүйрегі де ауырған.
«Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады», – деп түсіндіреді ол.
Емханада Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған. Бірақ биыл қаңтардан бастап жағдайы тұрақталғаннан кейін ауруханадан шығарылды. Қазір үйінде дәрігерлер бақылауында.
Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы ақпарат былтыр БАҚ-та кең тарады. Мамырдың басында тұңғыш бірінші ханымның жағдайы нашарлап жатыр деген ақпарат шықты.
Ал айдың ортасында кей БАҚ-та оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі Айдос Үкібай оны жоққа шығарды.
Осы жылы ақпанда Назарбаева ұзақ уақытқа созылған емін аяқтап, үйіне шықты.
Қазақстанның тұңғыш және әзірге жалғыз ханымның өмір жолы туралы мына жерден толық оқи аласыз.