
Жогорку Кенеш депутаты Умбеталы Кыдыралиев президент Садыр Жапаров пен Қамшыбек Тәшиевті ел игілігі үшін басараздықты тоқтатуға шақырды.
24 ақпаратынша, бұл туралы ол бүгін парламент отырысында мәлімдеме жасаған.
Оның айтуынша, соңғы күндері республикада сілкініс тудырған оқиғалар болып жатыр. Жағдай салмақты шешімдер қабылдауды талап етеді.
«2006 жылы «Ата жұрт» партиясы құрылған болатын. Оның басында Садыр Жапаров пен Қамшыбек Тәшиев тұрды. Мен оларды әуел бастан қолдағандардың бірі болдым. Екеуіне де ешқашан өтірік айтқан емеспін. Қалыптасқан жағдай туралы түні бойы ойландым. Олар да ұйықтамаған шығар деп ойлаймын. Менің жасым олардан үлкен. Сондықтан келіспеушіліктерді жоюға шақыру жауапкершілігін өз мойныма аламын», – деді ол.
Кыдыралиев Садыр Жапаровтың сайланған президент екенін, ал Қамшыбек Тәшиевтің Қырғыз Республикасының батыры екенін атап өтті. Оның сөзінше, тандем ретінде олар айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Шекара мәселелері шешілді. Экономика дамып келеді. Соңғы бес жылда «орасан зор серпіліс» жасалды.
«Кез келген жұмыста қиындықтар болады. Мен достарымды реформаларды соңына дейін жеткізуге шақырамын. Екеуі де – патриот. Халық үшін бәріне дайын. Жогорку Кенеш оларды бірлікпен қолдауға тиіс», – деді депутат.
Еске сала кетейік, мұның алдында қырғыз президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті ҰҚК төрағасы қызметінен босатқан болатын.