Жаңалықтар

Елордалық оқушылар онлайн сабаққа ауыстырылды

дистанционка для школьников
Елордалық оқушылар онлайн сабаққа ауыстырылды / Фото: shutterstock

Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар бейсенбіде қашықтықтан оқитын болады, деп хабарлады елорданың білім басқармасы.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) 12 ақпанда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.

«Қазгидрометтің»ақпараты бойынша, 12 ақпанда Астанада жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы -24…-26°C, күндіз -16…-18°C.