Жаңалықтар

Түркия басшысы Ердоған ұлын президенттікке дайындап жатыр ма

Реджеп Тайып Ердоған ұлы Біләл фото: boldmedya.com

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ұлы Біләл мұрагері ретінде дайындап жатыр. Бұл жайлы басқарушы партия ішіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg жазады.

Агенттіктің дерегінше, Ердоғанның ұлы соңғы кездері көпшілік алдына жиі шығып жүр. Мемлекеттік БАҚ оны сюжеттерде жиі көрсетеді, ал президент баласын шетелдік сапарларға да көбірек алып шығатын болған. Тіпті партия мен үкімет ішіндегі кадрлық шешімдерге араласып, саяси көшбасшы болуға дайындалып жатыр.

«Әділет және даму партиясының» ішінде де билікті тапсыру мәселесі жиі айтыла бастаған көрінеді. Қазір Біләл Ердоғанды саясатқа біртіндеп тарту нұсқасы қарастырылып жатыр. Болашақта оны партиядағы басшылық қызметтерге, тіпті партия жетекшілігіне ұсыну мүмкіндігі де талқыланған.

Түркияда келесі президент сайлауы 2028 жылы өтуі керек. Ердоған дайындықты қазірден бастап жатқан сыңайлы. АҚШ президенті Дональд Трамп, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхамеед бин Салманмен байланысын күшейтті.

Сарапшылардың сөзінше, Ердоған үшін елдегі инфляция, зейнеткерлердің өмір сапасының күрт төмендеп кетуі деген факторлар сайлауда кедергі болуы мүмкін. Қазірдің өзінде инфляция 30%-дан жоғары болып тұр.

Күрдтермен бейбіт келісімнің тағдыры да белгісіз. Егер сәтті аяқталса, Ердоған үшін ірі саяси жеңіс болады.

Былтыр Украинадағы қақтығыста арағайын болуға да ниеттенген. Екі тарапты кездесуге Түркияға шақырып, соғыс бітсе «бейбітшілік дастарқанын» жаюға да уәде берді.