Жаңалықтар

Референдумда қазақстандықтарға қандай сұрақ қойылады

Референдумда азаматтарға бір ғана сұрақ қойылады / kursiv.media

Конституцияны өзгертуге қатысты өтетін республикалық референдумда қазақстандықтар бір сұраққа жауап береді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы отырысында Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Референдумда «Жобасы БАҚ-та 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады.

Айта кетейік, республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді

Референдумға шығарылатын Конституция жобасы мәтінін мына жерден оқи аласыздар.