
UFC дүлдүлі Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты іс сотқа түсті. Ақпаратты Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі растады.
Алдын ала сот тыңдауы 2026 жылдың 16 ақпаны сағат 15.00-де офлайн форматта өтеді. Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.
Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында жол апатына түсті. Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам көз жұмды. Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Содан кейін Гүлайым Рахмоновадан қылмыстық істе қорғалуға құқығы бар куә ретінде жауап алынған.
Рахмоноваға қатысты іс қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қаралады. Бұл бапта көлiк басқаратын адамның жол жүрісі абайсызда екі не одан көп адамның өліміне әкелген жағдай көрсетілген.