
Қазақстандағы жолдарда дифференцияланған тариф енгізу жоспарлануда. Министрлік жол ақысына қатысты ережелерге өзгерістер енгізу жобасын дайындады.
Жаңа тариф шетелдік транзиттік көліктер көп жүретін жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге кететін қосымша шығындарды жабуға көмектеседі.
«Бұл шара Қазақстанның экономикалық мүддесін қорғауға және халықаралық тасымалда тең жағдай жасауға бағытталған. Түскен қосымша қаржы жолдарды дамыту мен жөндеуге жұмсалады. Алайда бұл норма ЕАЭО елдеріне, Қазақстан азаматтары мен компанияларына, сондай-ақ үкіметаралық келісімдерде жол ақысы қарастырылмаған мемлекеттерге қолданылмайды», – делінген құжаттың түсіндірмеде жазбасында.
Kolesa.kz мәліметінше, аталған тарифтер 14 елдің тасымалдаушыларына қатысы болмайды. Оларға Қазақстан мен үкіметаралық келісімдерге сәйкес жол ақысы алынбайды:
- Грекия
- Испания
- Қырғыз Республикасы
- Қытай Халық Республикасы
- Литва
- Моңғолия
- Армения
- Беларусь
- Румыния
- Словения
- Ресей Федерациясы
- Сербия
- Хорватия
- Швейцария
Басқа елдердің көліктеріне төлем мөлшерлемелері әзірлену үстінде.
Айта кетейік, Қазақстанда жүргізушілердің ақылы автожолдармен жүріп өткені үшін төлемеген берешегі шамамен 7 млрд теңгені құрады.