Жаңалықтар

Билет құны 97 мың теңге: Алматы мен Ақтаудан Бакуге әуе рейстері көбейеді

авиация
Атыраудан Бакуге билет бағасы 97 093 теңге / Фото: shutterstock

Наурыз мерекесі қарсаңында Air Astana Алматыдан және Атыраудан Бакуге тікелей рейстерді қайта іске қосады. Сондай-ақ әуе рейстерінің саны да артады.

15 наурыздан бастап Алматы-Баку-Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ал сәуір айынан бастап рейстер аптасына үш ретке, ал мамыр айынан бастап аптасына төрт ретке дейін көбейеді: дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері. Жаңа кестеде сапарларды ыңғайлы жоспарлау үшін күндізгі ұшу және қону уақыттары қарастырылған.

Атырау-Баку бағыты

Сондай-ақ, әуекомпания Атырау-Баку-Атырау бағыты бойынша тұрақты рейстер жиілігін аптасына үш ретке дейін арттырады. 18 наурыздан бастап рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, ал сәуір айынан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Билет бағасы

Ұшу ұзақтығы Алматыдан 3 сағат 35 мин, ал Атыраудан 1 сағат 25 мин. Барлық алымдарды қосқанда эконом-кластағы барып-қайту әуе билеттерінің бағасы Алматыдан ұшқанда 157 182 теңгеден, ал Атыраудан ұшқанда 97 093 теңгеден басталады. Билеттер ресми сайтта және Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде сатылады.

Осыған дейін қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстердің жазғы маусымын 31 наурыздан 24 қазанға ұзартатынын хабарлаған еді. «Стандарт» тарифі бойынша бір бағыттағы билет бағасы 58 000 теңгеден басталады.