
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стафф Алматыдағы жаңа консулдық ғимаратының құрылысын «ауқымды жоба» деп атады.
«Расымен де бұл ауқымды жоба. Бұл біздің дипломатиялық қарым-қатынасқа беріктігімізді айқындайды және АҚШ-тың Алматыдағы дипломатиялық миссиясының кеңейтеді. Астанада елшілігіміз жұмыс істеп тұр, ал Алматыда жұмыс күшейтіледі», – деді елші.
Сондай-ақ елші келесі аптада Алматыдағы ғимараттың құрылыс барысымен танысып қайтатынын айтты.
«Құрылысты аяқтауға бірнеше жыл қажет. БАҚ өкілдерін шақырып, жұмыс барысымен таныстыруды жоспарлап отырмыз», – деді Стафф.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының жаңа кешенін салу үшін 70 593 шаршы метр жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға берілді.
Жерді жалға беру құны – 25,3 млн доллар. Консулдық Жамақаев, Алдар Көсе көшелері мен Әл-Фараби және Сейфуллин даңғылдарының арасында салынады.