
Бүгін қазақстандықтар Михаил Шайдоровтың жеңісін тойлап жатыр. Таңертеңнен бері әлеуметтік желі қолданушыларды желіні Шайдоровқа арнаған жазбалармен толтырды. Бірі Михаилды құттықтап Денис Тенді құттықтаса, бірі оның есігінің алдына «асфальт төсеуді» сұрайды.
Қазақстанда Михаил Шайдоров күні
Көпшілігі 14 ақпандағы Әулие Валентин мерекесі емес, Михаил Шайдоров күні деп жазады.



Шайдоровтың жеңісінен кейін Денис Тенді еске алып, сағынышын білдіргендер де бар. Теннің тағдырын ешкім қайталамасын деп тілейді.


Чемпион болғаннан кейін үйінің алдына асфальт төсеген Елдос Сметовты да еске түсіріп, Мишаның көшесін жөндеуді де сұрайды.


Еске салайық, Италиядағы Қысқы Олимпиадада Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль алып, чемпион атанды. Бұл жеңісті бес жыл күттім деді ол сұхбатында.
Тоқаев спортшыны құттықтап, орденмен марапаттады. Дәл солай ҰОК басшысы Головкинде Мишаға жылы сөзін арнады.
Елімізге 32 жылдан кейін алтын әкелген чемпионның мансабы туралы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.