
Павлодар облысының Майқайың кентінде екі адамның мәйіті табылуына байланысты полиция қылмыстық тергеу бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр деп хабарлады құзырлы органдардан.
Баянауыл ауданы әкімдігінде нақтылағандай, отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы дәрігер қабылдауына келмеген, мемлекеттік орган өкілдерін үйіне кіргізуден бас тартқан. Соның нәтижесінде 13 ақпанда, тиісті санкциялар алынғаннан кейін, полиция қызметкерлері тұрғын үйге кіріп, екі адамның мәйітін тапты.
Және тағы алты жастағы баланы көрді, қазір ол Майқайың ауруханасының балалар бөліміне жеткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша дәрігерлер баланың денсаулығы жақсы, жас ерекшелігіне сай дамып отырғанын, ешқандай ауытқулар анықталмағанын мәлімдеді.
«Заңды өкілдерінің болмауына байланысты бала алдағы уақытта Үміт әлеуметтік қызметтерге мұқтаждарды қолдау орталығы КММ-не орналастырылады», — деп хабарлады аудан әкімдігі.
Алдағы уақытта баланың жағдайы мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болмақ.
5 ақпанда Алматы облысында бір үйде төрт адам қайтыс болғанын жазған едік. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,