Жаңалықтар

Үйсіз жүрген 14 жас ғалымға пәтер берілді

фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Елдегі баспанасыз жүрген 14 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Үйлі болған жас ғалымдар арасында география, балық шаруашылығы, ІТ, физика, химия, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы мамандар да бар.

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Гүлдана Маратова 12 жыл бойы баспанасыз жүрген.

«Бұған дейін өзімнің жеке пәтерім болмады. Бүгін екі бөлмелі пәтердің иесі атанып отырмын. Өте қатты қуаныштымын. Ғылыммен айналысып жүрген жас ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсеткені үшін мемлекет басшысы мен министрлікке алғысымды білдіремін», – деді Гүлдана Маратова.

Пәтер сертификатына ие болған жас зерттеушілер бұған дейін ғылыми жобаларға қатысып, халықаралық басылымдарда еңбектерін жарияланған.

Былтыр да жыл соңында дәл осындай он ғалымға жас пәтер берілген еді.