Жаңалықтар

Тоқаев Сербия президентін құттықтады

Тоқаев жеделхат жолдады/фото: Асқар Ахметуллин

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичті құттықтады.

15 ақпанда Сербия халқы Мемлекеттілік күнін тойлап жатыр.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді.

«Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған», – деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Тоқаев Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады