
16 ақпаннан бастап православ күнтізбесі бойынша Масленица мерекесі басталды. Бұл шығыс славян халықтарының көктемді қарсы алу мерекесі деп жазады Kursiv Media.
Бұл мерекені христиандар бір апта бойы тойлайды. Аптаның бірінші күні бір-бірімен көріседі, сабаннан «қарауыл» дайындайды. Жастар бір-бірін қонаққа шақырып, ойындар ойнайды. Масленицаның ең басты дәстүрінің бірі – құймақ пісіру. Славяндар алтын түсті, күнге ұқсайтын дөңгелек құймақ пісіріп, көктемді, жылулықты шақырады. Адамдар бір-бірімен кешірім сұрап, өткен реніштерін ұмытып, татуласады.
Аптаның соңында «қарауыл» өртеп, қысты шығарып салады. Ал 23 ақпаннан бастап славяндардың «Оразасы» басталады. Бұл жылы жеті аптаға созылады. Ал оны христиандардың басты мерекесі Пасха аяқтайды.
Еске салайық, осы аптада мұсылмандардың Рамазан айы басталып, ораза ұстайды. Бұл айда мұсылман халқы тамақтан тыйылып, көп уақытын құлшылыққа арнайды. Өз қалаңыздағы ораза кестесін мына жерден көре аласыз.