Жаңалықтар

Алматыда бойжеткенге тиіскен курьерге іс қозғалды

В Алматы возбудили дело после домогательств курьера к клиентке
Курьерге әкімшілік іс қозғалды/фото: shutterstock, бильд-редактор Адэлина Мамедова

Алматыда 14 ақпанда қызға гүл жеткізген курьерге қатысты әкімшілік өндіріс басталды. Курьер гүлді әкелгенде қыздың пәтеріне кіріп, оған тиісе бастаған. Бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып, видеоүндеу жариялады. Бұл туралы Almaty Today жазды.

Оқиғаның мән-жайы

Қыздың айтуынша, курьер кешкі сағат 21:00 шамасында пәтеріне көтерілген. Гүлді бұрышқа қоюын сұрағаннан кейін ер адам оған тиісе бастаған. Қыз айқайлап, оны үйінен қуып шыққан.

Хат алмасу барысында курьер дөрекі жауап беріп, кейін болған жайтты «түсінбеушілік» деп атап, кешірім сұрауға тырысқан.

«Мұндай видео түсіремін деп ойлаған емеспін. Өмірімде алғаш рет өз пәтерімде қорықтым. Неге мен курьерге есік ашудан қорқуым керек?», – деді бойжеткен.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл дерек бойынша әкімшілік өндіріс басталғанын растады. Курьердің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Енді әкімшілік іс жүргізу барысында курьердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.