
Алматыда жер сілкінісі болды. Бірақ көпшілігіне бірдей алдын ала ескерту хабарламасы келмеді. Төтенше жағдай министрлігі арнайы түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, дабыл жүйесі 5 балдан жоғары болған кезде ғана істейді.
«Жер сілкінісі 2 балл болғандықтан Mass Alert істемеді. Жүйе 5 балл және одан жоғары жағдайда ғана іске қосылады. Ешнәрсе бүлінген жоқ, ешкім зардап шекпеді. Төтенше жағдай министрлігі дүрбелеңге бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Бүгін сағат 15:08-де Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу ошағы Есік қаласы маңайында орналасқан. Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісі магнитудасын 5 балл деп бағалады.