Жаңалықтар

«Бенфика» – «Реал Мадрид» матчының тікелей трансляциясы

коллаж: kursiv.media

18 ақпанға қараған түні Чемпиондар лигасы аясында лиссабондық «Бенфика» өз алаңында мадридтік «Реал» командасын қабылдайды.

Лиссабон клубы топтық кезеңді 9 ұпаймен 24-орында аяқтаған. Соңғы турда дәл осы мадридтік клубпен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жеткен. Сол ойында шешуші голды «Бенфиканың» қақпашысы салған еді.

Ал мадридтік клуб жалпы кезең қорытындысында 9-орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған. Енді қос команда турнирдің шешуші кезеңінде қайта кездесіп, келесі айналымға шығу үшін таласады.

Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 01:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ыстанбұлдық «Галатасарай» мен «Ювентус» ойынын қайдан көруге болатынын жазған едік.