
Қостанайдағы колонияда жазасын өтеп жатқан ер адам қайтыс болды. ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, қайтыс болған сәт бейнебақылау жүйесіне тіркелген.
Мекемеде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Ер адамның есірткіге қатысты қылмысы үшін жазасын өтеп жүргені белгілі.
Бұған дейін Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлеріне қатысты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, үш адам қамауға алынды.