Жаңалықтар

Қысқы олимпиада: 17 ақпанда кімдер шығады

Приземление Илья Мизерных на большом олимпийском трамплине
фото: olympic.kz

XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында шешуші кезеңіне жақындап келеді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, бұл күні жеті медаль жиынтығы сарапқа салынып, мәнерлеп сырғанаудан басты бәсекелердің бірі өтеді. Сонымен қатар биатлон, бобслей, фристайл және коньки спорты бойынша да жарыстар жоспарланған. Кешкі сессияда әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада Софья Самоделкина өнер көрсетеді.

17 ақпанда Қазақстан спортшылары бірнеше жарыста бақ сынайды.

Олимпиада–2026: 17 ақпан күнгі қазақстандықтардың жарыс кестесі

Шаңғы тебу қоссайыс, үлкен трамплин

  • Қатысушы: Шыңғыс Ракпаров
  • Уақыты: 14:00

Фристайл-акробатика, әйелдер (іріктеу)

  • Қатысушы: Аяна Жолдас
  • Уақыты: 14:45

Фристайл-акробатика, ерлер (іріктеу)

  • Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов
  • Уақыты: 17:30

Шаңғы қоссайыс, жарыс кезеңі

  • Қатысушы: Шыңғыс Ракпаров
  • Уақыты: 17:45

Мәнерлеп сырғанау, әйелдер қысқа бағдарламасы

  • Қатысушы: Софья Самоделкина
  • Уақыты: 22:45

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық екі шорт-трекші Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алған еді.