Жаңалықтар

Италиядағы Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спортшы барады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

XIV қысқы Паралимпия ойындарына қатысатын ұлттық құрама тізімі анықталды. Қазақстан намысын қорғайтын саңлақтардың тізімін Туризм және спорт министрлігі жариялады.

6-15 наурыз күндері Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді.

«Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додада 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысады. Ойындар бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген», –  деп хабарлады министрлік.

Қазақстан атынан қанша спортшы барады

Қазақстан құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Ұлттық құраманың сапына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Владислав Кобаль енді.

Қазіргі уақытта спортшылар Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. XIV қысқы Паралимпия ойындарының ашылу салтанаты 6 наурыз күні Верона Олимпиадалық аренасында өтеді.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада да топ жарып, мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанды. Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша финалға шығып, жүлдеге таласқалы тұр.

17 ақпанда сайыс жолына түсетін спортшылардың кестесін мына жерден көре аласыз.