Жаңалықтар

Алматыда қызға гүл жеткізген курьер 7 тәулікке қамалды

Оқиға 14 ақпанда болған/фото: shutterstock

Алматыда 14 ақпанда қызға гүл жеткізген курьер 7 күнге қамалды.

Almaty Today гүл жеткізген курьердің қыздың пәтеріне кіріп, оған тиіскенін жазды. Бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып, видеоүндеу жариялаған.

Қыздың айтуынша, курьер кешкі сағат 21:00 шамасында пәтеріне көтерілген. Гүлді бұрышқа қоюын сұрағаннан кейін ер адам оған тиісе бастаған. Қыз айқайлап, оны үйінен қуып шыққан.

Содан кейін жергілікті полиция ер адамның әрекетіне құқықтық баға беру үшін әкімшілік өндіріс бастады. Алматы сотының хабарлауынша, іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) негізінде қаралды.

Ер адамға 7 тәулікке қамау туралы әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.