
Гвардия гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде сарбазды ұрып-соққаннан кейін бірден төрт басшы отставкаға кетті, сонымен қатар, бірқатар офицерлер мен сержанттар жазаланды.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
«Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды.Қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсетеді», – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Ағылтаева.
Ведомство тергеу қорытындысы бойынша әскери бөлімде ТЖ-ға қатысты түпкілікті қорытындылар күтілетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, әскери қызметшіні басқа сарбаз ұрып-соққан. Нәтижесінде жас сарбаз жағынан жарақат алып, Алматының әскери-клиникалық госпиталіне шұғыл түрде жатқызылды.