Жаңалықтар

Қазақстандықтар жаппай шағым түсірген Burger King жедел желі ашты

Фото: shutterstock, бильд-редактор Дастан Шанай

Burger King компаниясының президенті азаматтармен тікелей байланыс орнату үшін арнайы «жедел желі» ашты. Бұл жөнінде ол әлеуметтік желіде жазды.

Burger King желісіндегі ресейлік аумақтық басқарушылар жергілікті қызметкерлердің құқықтарын шектегеніне қатысты қазақстандықтар арнада жаппай шағым түсіріп жатыр. Олардың арасында жұмыстан босатылған Әлібектің анасы Жанат Қаратай да бар.

Бұған дейін Жанат Қаратай Burger King басшылығы тарапынан өзімен ешкім байланысқа шықпағанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, Burger King Kazakhstan, бірнеше күнге созылған даудан соң, екі қызметкерді жұмыстан шығарған еді.