Жаңалықтар

Софья Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті (видео)

фото: olympic.kz Сали Сабиров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті.

Самоделкина қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен 68.47 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға тұрақтады. Самоделкина өз бағдарламасын сенімді орындап, еркін бағдарлама алдында жүлде үшін күресті жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды.

Ал жапониялық спортшы Ами Накаи қысқа бағдарламадан кейін 78.71 ұпай жинап, аралық есепте көш бастады.

YouTube video player

Енді спортшылар медаль тағдырын шешетін еркін бағдарламада бақ сынайды.

Еске сала кетейік, ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Михаил Шайдоров олимпиада чемпионы атанып, ел мерейін үстем қылды.