
Алматыда Үлкен Алматы көліне (БАО) апаратын жаяу жүргіншілер соқпағы салынады. Жоба қаланың 2026 жылға арналған нақтыланған бюджетіне енгізілді.
Үлкен Алматы көліне дейінгі маршрут құрылысына 665 млн теңге бөлінді. Ұзындығы 5,3 шақырым соқпақ тек жаяу жүргіншілерге арналады. Құрылысты 2026 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Ал қыста бұл жолмен жүруге бола ма, жоқ па – әзірге белгісіз.
Жоба Алматының туристік инфрақұрылымын дамыту аясында жүзеге асырылады.
Бұған дейін Көкжайлауда курорт салатын компания ресми түрде Қазақстанда тіркелді.