
YouTube сервисінен ақау шығып, пайдаланушылар жаппай шағымдануда. Бүгін, 18 ақпан таңертеңге дейін видеосервис жұмысына қатысты 329 мыңнан астам шағым тіркелді. Бұл туралы Downdetector деректері хабарлады.
Статистика бойынша шағымдардың:
- 56%-ы қосымшаның жұмысына байланысты
- 17%-ы сайтқа кіру мәселелеріне
- 16%-ы тіркелу (авторизация) кезінде туындаған қиындықтарға қатысты.
Қазіргі уақытта YouTube ресми пікір білдірген жоқ.