Жаңалықтар

Денис Никиша Олимпиадада 7-орын алды

Денис Никиша, шорт-трек, сборная Казахстана, Олимпиада-2026
Денис Никиша Олимпиадада 7-орын алды / Фото: ҰОК

Милан қаласында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта жартылай финалдық бәсекелер аяқталды.

Қазақстандық танымал спортшы Денис Никиша жартылай финалдың екінші тобында өнер көрсетті. Өте тартысты өткен сында отандасымыз мәре сызығын төртінші болып қиды.

Осыдан кейін отандасымыз жұбаныш финалында өнер көрсетті. Денис Никиша енді В финалында бақ сынады. Онда спортшылар жалпы есептегі 6-10 орындар аралығындағы позицияларды сарапқа салынған додада отандасымыз 7-орынға табан тіреді.

Тағы бір отандасымыз Абзал Әжіғалиев ширек финалда өз тобынан шыға алмады. Ол өз тобында екінші орында келе жатқан. Бірақ соңғы айналымда италиялық қарсыласымен соқтығысып, жартылай финалға өтпеді.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында жалқы алтын бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды.