
Жақында Freedom SuperApp үздік қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков бейнеленген карта шығарады.
Бұл туралы bankffin.kz парақшасы ақпарат таратты. Freedom банк «Қайрат» футбол клубының демеушісі болып отыр.
Қақпашы Темірлан Анарбеков алматылық «Қайратпен» жаңа келісімге қол қойып, клубпен әріптестігін тағы үш жылға жалғастырмақ. Енді ол 2028 жылдың қарашасына дейін команда намысын қорғайды.
Темірлан «Қайрат» сапындағы алғашқы ойынын 2020 жылғы 30 қарашада өткізді. «Таразға» қарсы кездесуде алаңға шыққанда ол небәрі 17 жаста болатын. Қазір 22 жастағы қақшасы команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
Әсіресе 2025–2026 жылдардағы Чемпиондар лигасы матчтарында Анарбеков сенімді ойынымен көзге түсті. Сол кезеңде БАҚ-та оған «Интер», «Аталанта», «Фенербахче» секілді клубтар қызығушылық білдіргені туралы жазылды.
Қазақстандық командалар да оны өз сапында көргісі келген. Ал Transfermarkt порталы қақпашының трансферлік құнын 400 мың еуро деп бағалаған. Футболшының өзі Англия Премьер-лигасында өнер көрсетуді армандайтынын бірнеше рет айтқан.