Lifestyle

Аққу мен қарақу: Қайраттың Жұлдызы қызымен бірге ерекше образда шықты 

Жұлдыз бен Алау
Фото: Видео кадры

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің қызы Алаумен ел алдына ерекше образда шықты. Олар аққу мен қарақудың бейнесінде түсіп, Instagram желісіндегі парақшаларына қысқа видео салды.

Жұлдыз бен Алаудың Instagram-парақшаларына салған кейінгі бейнеролигі қызу талқыға түсіп жатыр. Олар Black and White Swan образдарына енді. Чайковскийдің аңызға айналған «Лебединое озеро» балетіндегі әуенмен әрлеп, өздері де сондағы кейіпкерлерге ұқсап бақты. Жұлдыз – қарақу, Алау аққу бейнесінде түсті.

Олардың шығармашылығына тамсанатын фанаттары жағымды пікірлерін жарыса жазды. «Талант! Анасы қамқоршының рөлінде ойнады. Мойындауға әбден лайық» деп жатыр.

Дегенмен кей оқырманға бұл образ онша ұнамаған сыңайлы. «Не істерін білмей жүр осылар. Ақшаң болса да ішің пысады-ау», «Жұлдыздың түрі қорқынышты», «Шешесі жалаңаш, қызы қайда барады» деп сынап жатқандар да жоқ емес.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қазақстандық жұлдыздардың «жұлдыз» балалары туралы жазған едік.