
Астана мектептеріндегі бірінші ауысымының кейбір оқушылары қашықтан оқыту форматынан ауыстырылды, деп хабарлады елорданың білім басқармасы.
«24 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 24 ақпанда Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с болады деп күтілуде. Ал ауа температурасы түнде …-31°C, күндіз -18…-20°C.
Ертең елдің солтүстігі мен шығысында күн күрт суытады. Оңтүстікте де күн суық болып, қар мен жел күшейеді.