Жаңалықтар

Ерлерге арналған үнді дәрісі дәріханалардан алынып тасталады

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда «Десилмакс» атты үндістандық препаратты әкелуге және пайдалануға ресми түрде тыйым салынды. Сараптама жүргізгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдаған.

Ведомствоға тиесілі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 11 ақпанда арнайы бұйрыққа қол қойған. Оған сәйкес, «Десилмакс» дәрілерін медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынды. Елде айналымда жүрген барлық препарат алынып тасталады.

Дәріні өндіруші – үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы.

Дәріні алып тастауға не себеп?

Комитет өкілдерінің түсіндіруінше, «Десилмакс» препараты белгіленген стандарттарға сай келмейді. Сондықтан дәріхана жүйелері бұл дәріні сөрелерден алып тастауға міндетті. Ал оны қабылдап жүрген науқастар дәрігерге хабарласып, басқа баламасына ауыстыруы керек.

Десилмакс – ер адамдарға арналған дәрі. Ол жыныстық қатынас кезінде ер адамның қуатын сақтау үшін қолданылады.

Мамандардың сөзінше, комитет қаулысын орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін елдегі кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы арзандағанын жазған едік. Кейбір препараттар 26%-ға дейін түсті.