Lifestyle

iPhone 18 қашан және қандай болып шығады

фото: MacRumors

Apple компаниясы 2026 жылы смартфондар нарығына үлкен өзгерістер әкелмек. Бұл жолы техникалық сипаттамалар ғана емес, модельдердің шығу кестесі де өзгеруі мүмкін.

Модельдер қатары және ресми шығу уақыты

Инсайдерлердің айтуынша, Apple бірінші кезекте про модельдердің кейін базалық моделін шығаруды жоспарлап отыр.

2026 жылдың қыркүйегі: тек iPhone 18 Pro, iPhone 18 Pro Max және эксклюзивті iPhone Fold (бүктемелі айфон) таныстырылады. 2027 жылдың көктемі: базалық iPhone 18 бен iPhone 18e нарыққа шығады.

Дизайн және корпус ерекшеліктері

Сыртқы пішінде айтарлықтай өзгеріс болмайды, бірақ бірнеше маңызды деталь бар:
Материал: Apple титаннан бас тартып, жақсартылған алюминий корпустарға қайта оралуы мүмкін.

Салқындату жүйесі: смартфонның артқы панелінде корпус түсінен сәл ерекшеленетін, қызып кетуден сақтайтын арнайы шыны панель пайда болады.

Жаңа түстер:

Pro-модельдер үшін қою қызыл, күлгін және қоңыр түстер болады деп күтіліп отыр.

Камера мен батарея

Ауыспалы диафрагма: бұл функция кәсіби фотоаппараттардағыдай жарық деңгейін қолмен немесе автоматты реттеуге мүмкіндік береді.

Батарея: iPhone 18 Pro Max сыйымдылығы 5200 мАч болатын батареямен жабдықталады. Бұл айфон тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Бағасы және жинағы

Apple бағаны көтермей, 2025 жылғы деңгейде сақтап қалуға тырысады:

  • iPhone 18 Pro: 999 доллардан
  • iPhone 18 Pro Max: 1199 доллардан басталуы мүмкін.

Қораптың ішінде: тек смартфон, USB-C кабелі және құжаттар ғана болады. Тіпті Apple наклейкалары да салынбайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Apple-дің 2026 жылы Iphone-нан басқа қандай өнім шығаратынын жазған едік.