Жаңалықтар

Украина мен Эфиопияда референдум учаскесі ашылмайды

Қазақстандықтар референдумда Конституцияға қатысты дауыс бере алады/ Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Референдум кезінде Украина мен Эфиопияда дауыс беру учаскелері ашылмайды. Бұл туралы орталық референдум комиссиясы отырысына қатысқан сыртқы істер министрлігі өкілі айтты.

Бастапқыда 62 елде 82 референдум учаскесі ашылады деп жоспарланған. Алайда кейіннен екі учаске ашылмайтын болды.

Украинада референдум учаскесін ашпау туралы шешім елдегі жағдайға байланысты қабылданған. Бұл елде бастапқыда 500 қазақстандық бар болса, кейінгі уақытта бірқатары басқа елге шығып кеткен.

Ал Эфиопияда небәрі бес қазақстандық бар. Сол себепті учаске ашпау туралы шешім қабылданған.

Айта кетейік, Конституцияны өзгертуге қатысты референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.