
25 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы қаласында «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізіледі.
Осыған байланысты қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылып, теле және радиоарналар арқылы арнайы сынақ хабарламасы таратылады. Мамандар тұрғындарды сабыр сақтауға шақырады.
Сонымен қатар 25–26 ақпан күндері қалада су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді. Қаланың түрлі аудандарында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Ресми мәліметке сәйкес, қала аумағынан 150 мың текше метрге жуық қар шығарылған.
Еске сала кетейік, 17 ақпанда Алматы облысында жер сілкінген. Жер сілкінісінен кейін алматылықтар үшін «сенім телефоны» ашылған еді.