
Атырауда екі азамат өзінде адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясы бар екенін біле тұра, интимдік қызмет көрсеткен. Жергілікті полицияның хабарлауынша, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қалада АИТВ инфекциясы табылған 23 және 28 жастағы екі азамат арнайы медициналық есепте тұрған. Олар соған қарамастан 2025 жылдың желтоқсанынан бастап транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсеткен.
Екеуіне біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекет үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, 2022-2025 жылдары елде АИТВ жұқтыру дерегі азайып келеді.
2022 жылы – 3 877 жағдай (19,6),
2023 жылы – 3 862 жағдай (19,5),
2024 жылы 3 811 жағдай (19,0) тіркелген.