Lifestyle

Ерболат Әлқожаевты жұбайы қатты қуантты

«Мынадай сыйлығын алған күшті екен!» деп, актер балаша шаттанды / фото: Instagram
«Мынадай сыйлығын алған күшті екен!» деп, актер балаша шаттанды / фото: Instagram

Ерболат Әлқожаев жұбайынан күтпеген сыйлық алды. Керемет иіссу мен жұбайының сезімін білдірген хаты актерді қатты толқытты.

«Таңертең тұра қалсам, әйелім мынадай сыйлық жасапты», – деп сыйлығын көрсетті.

Сыйлықтың қасында тілдей хат жазылған. Жай хат емес, сезімге, ризашылыққа толы жүрек сөзі.

«Қайырлы таң, жүрегім!  Жаным сол! Мерекең құтты болсын! Өмірімде бар болғаның үшін рахмет! Бірге мақсаттар мен армандарға, талай асуларға жетеміз!» деп жазылған хатта.

Хаттың үстіне ғажайып сыйлық  – иіс су қойылған.

Ерболат Әлқожаев жұбайының бұл сыйлығына разы болып, «рахмет, жаным» деп қалай айтып қалғанын білмей қалды.

«Мынадай сыйлығын алған күшті екен!» деп, актер балаша шаттанды.

Мұның алдында Ерболат Әлқожаев әлдебіреудің әйеліне гүл сыйлағанын көріп, қатты қызғанған еді.