
Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Украинадағы соғыс басталғалы бері оныншы мәрте Киевке барды.
Саясаткер Украина астанасына пойызбен келді. Оны украин сыртқы істер министрі Андрей Сибига күтіп алды.

Мәртебелі қонақтың Киевке келгені туралы видео Х әлеуметтік желісінде жарияланды.
«Осымен оныншы мәрте Киевке келіп тұрмын. Еуропа қыс бойы Украинаны қаржылай, әскери қолдай беретінін көрсету үшін келдім», – деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы.
Бұған қоса, саясаткер «бейбітшілік орнамайынша кері шегінбейтінін» мәлімдеді. Сонымен бірге Урсула фон дер Ляйен «Украина талабына сай бейбітшілік» деп жазды.
Осының алдында Еурокомиссия басшысы еуропалық мекемелер бүгін кешке украин туымен безендірілетінін мәлімдеген.
2022 жылғы 24 ақпанда, осыдан тура төрт жыл бұрын, Ресей әскері Украина аумағына басып кірді. Бауырлас көрші елдер арасындағы соғыста жүздеген мың адам қаза тапты.