Lifestyle

Мақпал Жүнісова: Мен жүрген анекдотпын (видео)

Қар күреп жүріп, телефонын таксиге қалдырып кеткенін есіне түсірген / фото: Instagram
Қар күреп жүріп, телефонын таксиге қалдырып кеткенін есіне түсірген / фото: Instagram

Мақпал Жүнісова бүгін қызыққа толы күн болғанын жеткізді. Қар күреп жүріп, телефонын таксиге қалдырып кеткенін есіне түсірген.

Әнші бұл оқиғадан соң өзін анекдот кейіпкері ретінде сезінгенін айтты.

«Құдай сақтай гөр! Мен жүрген анекдотпын. Таксиде телефонымды қалдырып кетіппін. Үйге келе сала, қар тазалап тастайыншы деп… Күрекпен зымырап тазалап бітіп, енді үйге кіріп, сөмкемді ашсам, соткам жоқ. Өлә, деп далаға атып шықтым. Дүкенге тоқтап нан алып едім. Сонда қалдырдым деп ойладым», – дейді әнші.

Бірақ әншінің айтуынша, телефон таксиде қалған. Ұялы телефонға біреу сол кезде коңырау шалған. «Мақпал апай» деп сөйлей бастаған. Таксист кімнің телефоны екенін бірден түсініп, бұрылып әкеп берген. Жақсылығының қайырымы ретінде атақты әншімен бір мәрте фото-суретке түсіп алған.  

«Көп рахмет. Алла разы болсын.  Концерттің алдында есім шығып жүр. Өлең жаттаймын деп… Сау болыңыздар!», – деді Мақпал Жүнісова.

Айта кететін жайт, 17 наурызда Қосшы мәдениет үйінде Мақпал Жүнісованың мерекелік ән кеші өтпек.

Қазақстанның халық әртісі марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Дүйсенованың пәтерсіз қалу қаупі өзіне қатты әсер еткенін жеткізген еді.