
Қайрат футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер штабы ерекше физикалық және ментал дамуы бар балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығына арнайы барып қайтты. Бұл туралы клуб баспасөз қызметі хабарлады.
Футболшылар балалармен еркін араласып, түрлі спорттық эстафеталарға бірге қатысты. Әрбір қатысушыға қолдау білдіріп, жылы сөз айтып, жігерлендірді.
Айта кетейік, «Қайрат» 28 ақпан күні Астанада Суперкубок үшін қостанайлық «Тобылмен» кездеседі.