Жаңалықтар

Қарағанды, Көкшетау және Павлодарда оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

онлайн мектеп
оқушылар онлайн оқиды / фото: shutterstock

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

24 ақпан 2026 жылы Қарағанды қаласында бірінші ауысымдағы 0–4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, мұндай шешім ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданған.

Ал Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1–9 сынып оқушылары онлайн форматқа жіберілді.

Сонымен қатар, Павлодар облысы бойынша 1–11 сынып оқушылары (бірінші ауысым), сондай-ақ 9 сынып базасындағы колледждердің 1–2 курс студенттері де 24 ақпанда қашықтан білім алады. Өңірде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

Бұған дейін Астана қаласында да қолайсыз ауа райына байланысты 0–9 сынып оқушыларының (бірінші ауысым) сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Жергілікті білім бөлімдері ата-аналар мен оқушыларға ресми хабарламаларды қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.