Жаңалықтар

БҚО-да шенеунік баланы зорлаған – ІІМ жабылған істі қайта ашты

Фото: shutterstock

Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысын зорлау фактісі бойынша қозғалған іс қайта тергеледі.

Аталмыш іске қатысты журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтен не себепті шенеунікті босатып жібергенін сұрады.

«Бүгін біз облыс прокуратурасымен бірге істі тоқтату жөніндегі процессуалдық шешімнің күшін жойдық. Жәбірленуші тараптың айғақтары тергеу барысында тексеріледі», – деді Әділов.

Еске салсақ, Шыңғырлау ауданында 57 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды алдап үйіне шақырып, зорлаған деген күдікке ілінген. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлады. Күдіктінің аты-жөні ресми жарияланбаған.

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, оқиға 2 қаңтар күні болған. Полицияға арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталып, жауап алынған. Алайда ол бөлімшеде кінәсін мойындағанына қарамастан босатылған.