Lifestyle

Дариға Бадықова мен Олжас Абай жұмыс сапарымен Голливудқа барды

фото: instagram

Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-қа жұмыс бабымен барғанын жазды. Өнер иесі бұл сапардың өзі үшін маңызды кезең екенін атап өтті.

«Жеңіл көрінгеннің бәрі – еңбектің нәтижесі. АҚШ-қа жұмыспен келу – бақ. Санамда тықылдап тұратын сигнал – ешкімге тәуелді болмай өмір сүру. Мен «әйелмін, маған міндетті» деген сөзді алып тастаған соң, үлкен жолдар ашылды. Күтетін, сұрайтын адам болмаған соң, жолдар ашылды ғой деймін», – деп жазды актриса.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абай жаңа фильмнің жарнамасы аясында көрермендерге автокөлік ұтып алу мүмкіндігін ұсынған еді.