
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның қызы елдің зымыран құрылымына басшылық етеді. Ким Чжу-Э есімді жасөспірімді қазір Ким Чжу-хэ деп атайды деп жазады The Chosun Daily басылымы.
Оңтүстік кореялық барлау қызметінің дерегінше, 13 жастағы Ким «зымырандар жүйесінің бас директоры» қызметін атқарады. Кореяның Еңбек партиясының съезіне қатысып, қабылданған шешімдердің орындалуына да бақылап отырады.
Ким Чен Ын қызын ядролық және зымыран сынақтарына қатысты іс-шараларға үнемі ертіп жүреді. Сеулдегі сарапшылар оның жоғары қызметке тағайындалуы қыздың әскердегі беделін ерте бастан нығайтуға бағытталған қадам болуы мүмкін деп есептейді. Ресми түрде зымыран бөлімін Чан Чан-ха басқарады. Алайда барлау мәліметтеріне сүйенсек, көшбасшының қызы генералдардан есеп алып, тапсырма да береді.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары Ким Чен Ынның қызы Ким Чжу-Э туралы алғаш рет 2022 жылдың қарашасында хабарлаған. Ол кезде Ким Чжу- Э құрлықаралық «Хвасон-17» баллистикалық зымыранын ұшыру рәсіміне барған . БАҚ оны «сүйікті қызы» деп атаған.
Осы айда Ким Чен Ын 13 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатыр деген ақпарат тараған еді.