
Математик Асқар Жұмаділдаев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Медальді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында табыстаған.
«Еңбек ардагері» медалі Асқар Жұмаділдаевқа ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесі үшін берілді.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов 70 жасқа келген Асқар Жұмаділдаевқа Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартты.