Жаңалықтар

ҰҚК есірткі қылмысына қатысы бар қазақстандықты ұстады – видео

В Алматы выявили канал контрабанды метамфетамина
Алматыда 8 келі есірткі затын тасымалдамақ болған азамат ұсталды/видеодан скриншот

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасы арнасын жою туралы ақпарат таратты. 2026 жылдың қаңтарында комитет шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырған.

Нәтижесінде Алматы қаласында 8 кг синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Есірткі контрабандасының арнасын жою туралы

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл бапта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау әрекеті көрсетілген.

Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Алматыда психотроптық заттарды аса ірі көлемде заңсыз дайындап, сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды.