Жаңалықтар

Теңіздегі мұнай өндірісі бұрынғы қалпына түсті

Фото: kursiv.media мұрағаты

Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемі іс жүзінде толық қуатқа шықты. Бұл жөнінде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Ақорда кулуарында министр Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы мұнай экспорттауға ешқандай мәселе жоқ екенін айтты. Сөзінше, қазір жағдай тынышталған. ВПУ-2 (айлақ қондырғысы) іске қосылған. Сондай-ақ 2026 жылы экспорт көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталады.

Бұған дейін Каспий құбыры арқылы 2025 жылы Еуропаға 70,52 млн тонна мұнай жеткізілгенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, Қазақстан елде өндірілетін мұнайдың 80%-ын КҚК арқылы Батысқа сатып отыр. Сол себепті экспорт пен өндірістің тоқтаусыз жүруіне қазақ үкіметі мүдделі. Астана дрондар шабуылынан айтарлықтай шығынға батты.